Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Бабалар сөзі» - ұлт мақтанышы
28.02.2018

2018 жылдың 27 ақпанында Л. Н.Толстой ат. ОӘҒК абонементтер бөлімі қазақ фольклорының 100 томдық «Бабалар сөзі» сериясы кітаптарының тұсаукесерін өткізді. Серияны «Фолиант» баспасы  ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында басып шығарды.

Көркем безендірілген және суреттер салынған осы бір кітаптар бір қарағанда толып жатқан басқа кітаптардан еш айырмашылығы жоқ секілді, алайда бұл өте сирек кездесетін қазына жинағы, мұнда қазақ фольклорының тамаша үлгілері: эпостар, хикаялар, аңыздар, қиялдар мен мәтелдер – ұлтымыздың халық ауыз әдебиеті шығармашылығының түгелге дерлік жанры жинақталған.

100 том – көлемді коллекция ғана емес, оның артында адамдардың үлкен бір тобының орасан зор еңбегі тұр. Өткен кезеңнің тарихи көрінісін қалпына келтіру үшін еліміздің фольклоршылары Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан, Қытай мұрағаттарында талай ұйқысыз түндерді басынан өткізді.   Мұндай бай мәдениетпен және оны бірден басып шығарумен екі елдің бірі мақтана аламайды – бұл дегеніңіз шын мәніндегі ұлы еңбек.

Тұсаукесерге жиналғандардың алдында Марал ишан ат. мешіттің наиб-имамы Бақытжан қажы, ғалым, тарихшы және фольклоршы А. А. Әбсадықов, ҚМПИ доценті К. М. Мырзағалиева, ЧелМУ ҚФ оқытушысы Н. Е. Атжанова, музыкатанушы Н. Х. Әмірхамзин сөз сөйледі. Шараға қатысқандар «Бабалар сөзі» сериясының маңыздылығын, оның бірегейлігін және рухани құндылығын, келешек ұрпақтың өз тарихын білуіне қосар үлесін атап өтісті. 

Тұсаукесер аясында кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды. «Бабалар сөзі» сериясы кітаптарының кітапхана қорынан лайықты орын алғаны сөзсіз.  Барлығыңызды «Бабалар сөзін» оқып шығуға шақырамыз!

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ