Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Тарихыңды біліп жүр!
28.02.2018

Кітапхана фойесінде «Болашақ үшін ұмытпау» тақырыбымен қазақстандық «Алғыс айту күні» мерекесіне арналған көрме-қарау безендірілген. Әмбебап оқу залының қорынан алынып қойылған әдебиеттер еліміздің тарихында орын алған саяси және тарихи оқиғалардан хабар береді. Әсіресе елімізде тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің салтына, дәстүріне, тіліне қатысты кітаптарға көп орын бөлінген.

«Бұл күн – барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігінің, достығы мен сыйластығының жарқын көрінісі», - деген болатын мемлекет басшысы.

Қазақстанның қазіргі кездегі түрлі ұлт өкілдерінен жиналған жұрты – Кеңес үкіметінің солақай саясатының арқасында республикаға әр жылдары әр түрлі халықтардың тұтастай еріксіз дүркін-дүркін жер ауып келуінің нәтижесі екендігі белгілі. Бұл адамдардың барлығы қиын кезеңде адамзатың ең ізгі қасиеттерін – мейірімділік, жанашырлық, өзара көмек көрсете білген қазақ халқының арқасында баспаналы болды және тірі қалды.

Көрме наурыз айы бойы жұмыс істейді.

Барлығыңызды көрмемізді көруге шақырамыз!

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ