Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Біздің еліміздің мақтанышы»
05.03.2018

5 наурызда Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қазақстанның Еңбек Ері, «Қарқын» ЖШС директоры Сайран Балкенұлы Бұқановпен    кездесу болып өтті. 

Сайран Балкенұлы Қостанай облысы бойынша алғашқы болып Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағына ие болды. Ол осы атағымен облыстың және еліміздің тарихында қалмақ. Ол көптеген жылдар бойы республикадағы жемісті жұмыс істеп келе жатқан шаруашылықтардың бірі «Қарқын» ЖШС басқарып келеді. Аталған шаруашылық алдыңғы технологияны енгізудің арқасында (топырақты ылғалды сақтай отырып өңдеу) астық шығымдылығын арттыруға және тұрақты мол өнім алуға, мал басын көбейтуге қол жеткізді.

Кездесуде Сайран Балкенұлы өзінің тәжірибесін ортаға салып, өскелең ұрпаққа өзінің ақыл-кеңесін берді. А. Байтұрсынов ат. ҚМУ студенттері мен Қостанай ауыл шаруашылығы және Қостанай политехникалық колледжінің студенттері    қойған сұрақтарға жауап берді. Шара барысында «Қарқын» ЖШС туралы бейнефильм көрсетілді. Аталмыш іс-шараға арнайы қойылған  кітап көрмесі шараның ажарын аша түсті. Келген қонақтар мен студенттер  көрмеден Сайран Бұқановтың   фото суреттері мен кітапхана қорындағы кітаптар мен мерзімді басылымнан алынған материалдармен танысты.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus