Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде ҚР халық әртісі, жерлесіміз Әнуар Боранбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Экран сыртындағы өмір» атты кітап көрмесі безендірілді.
14 киноға түскен Әнуар Боранбаев еліміздің кинематография саласында өшпес із қалдырды. Көрме аты аңызға айналған актердің өмірі мен шығармашылығына арналған. Көрмеге кітаптар, мерзімді басылымнан алынған материалдар, актердің ойнаған рөлдері туралы фотоальбом қойылған. Көрменің арқасында оқырмандар актердің тұлғасын танитын, оның қайталанбайтын шығармашылық шеберлігі мен талантын білетін болады. Көрме ай бойы жұмыс істейді.