Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жемқорлықпен күресу – әр адамның міндеті
13.03.2018

Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады және мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев бұл бағыттағы жұмыстың бағыттарын белгілеп берді. Президент қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жеңуге болмайтынын бірнеше рет атап өтті. 

Жұрттың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында әмбебап оқу залында «Жемқорлықпен күресу – әр  адамның міндеті» көрме-толғанысы дайындалды. 

Көрмеге сыбайлас жемқорлық жайындағы материалдар: елімізде сыбайлас жемқорлықтың таралуына қарсы күреске арналған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, кітаптар, аталған құбылыспен күресу жолында мемлекеттің атқарып жатқан жұмыстары жайында журналдар мен жинақтардан алынған мақалалар  қойылған.

Көрмеге қойылған әдебиеттер оқырмандарды  жемқорлыққа қарсы қалыпқа келтірілген іс-шаралар жүйесімен таныстырып, жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі мәселелері жайында хабардар етеді.  

Барлық тілек білдірушілерді кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus