Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Максим Горький және оның заманы
15.03.2018

15 наурызда кітапхананың қонақжайына жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, ақындар, жазушылар мен шығармашылық қауымның өкілдері жиналды. Олардың барлығы жазушы Максим Горькийдің туғанына 150 жыл толуына арналған «Максим Горький және оның заманы» танымдылық сағатына қатысу үшін бас қосты. Максим Горькийдің жеке тұлғасы мен шығармашылығы әлі күнге әдебиетшілердің, жазушылардың, тарихшылардың назарын аударып келеді.

Шараның басында ЧелМУ Қостанай филиалының филология кафедрасының студенттері жазушының «Песня о Буревестнике» және «Песня о соколе» шығармаларын оқыды. Бұдан кейін жазушының өмірі мен шығармалары жайында ЧелМУ Қостанай филиалының оқытушысы Алма Мейірханқызы Құсайынова келелі әңгіме қозғады. Оның баяндамасын А.Байтұрсынов ат. ҚМУ оқытушысы Ю. Я. Бондаренко, қоғам қайраткері А. С. Денисов және ақын Д. А. Качеев толықтырды. Шараға қатысушылар сонымен қатар кітапхана қызметкерлері дайындаған қызықты кітап көрмесімен танысты.  

Аталған танымдылық сағаты шараға жиналған жастардың Максим Горькийдің шығармашылғына деген қызығушылықтарын оятқаны, олардың білімдерін кеңейте түскені және Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК ақпараттық әлеуетін аша түскені сөзсіз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus