Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Поэзия мен музыка – жұбы жазылмас жыр
16.03.2018

          Абонементтер бөлімінде жыл сайын 21 наурызда аталып өтілетін Дүниежүзілік поэзия күніне арналған кітап көрмесі безендірілді, көрме 14 және 30 наурыз аралығында жұмыс істейтін болады.

Поэзия – адамзаттың керемет жетістіктерінің бірі. Оқырмандар назарына А. Құнанбаев, А. Пушкин,  В. Гёте, М. Лермонтов  секілді әлем әдебиеті классиктерінің және тағы басқалардың өлмес өлеңдері ұсынылған. Біздің заманымыздың поэзиясын ұнатушылар кітап сөрелерінен Ә. Досовтың, М. Шахановтың, Р. Рилькенің, Л. Рубальскаяның, В. Цойдың кітаптарын таба алады. Көрме тек жасы келген оқырмандарға ғана емес, сондай-ақ балаларға да арналған. Балалар авторлары Ы. Алтынсаринның, Е. Елубаевтың,  А. Бартоның, С. Маршактың, К. Чуковскийдің көркем безендірілген кітаптары кітапхананың кішкентай келушілерінің назарын аударары сөзсіз.

Барлық жастағы оқырмандарды өлең деген сиқырлы әлемді аралап шығуға шақырамыз. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ