Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Францияға әннен көпір салынды
16.03.2018

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК сахнасында ҚР Франция елшілігінің қолдауымен Қостанай француз мәдени орталығы ұйымдастырған  «Француз тілінде ән сал да, Францияға жолдама ұтып ал!» байқауының жартылай финалы өтті.

Француз тіліндегі әндер байқауы француз тілінде сөйлейтін елдердің бай мәдениетімен тағы бір рет жүздесуге мүмкіндік берді.

Ән байқауына қатысқандар француз эстрадасының баршаға белгілі, ең ырғақты әндерін ұсынды, музыкалық композициялар түрлі стильдерде орындалды.  Кез келген тілек білдірушіге француз музыкасынан ләззат алуға мүмкіндік берілді.

Ән байқауының қонақтары мен қатысушыларына арнап әмбебап оқу залының қызметкерлері «Францияның әдемі әлемі» кітап көрмесін дайындады. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ