Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Наурызда дәріптелетін дәстүрлер
20.03.2018

Наурыз – Орталық Азия халықтарының басты мерекесі. Бұл адамзат тарихындағы ең көне мерекелердің бірі. Оны күн мен түннің көктемдегі теңесу күні, наурыздың 21-нен 22-сіне қараған түні тойлайтын болған. Ол көктемнің келгенін білдіреді. Жұрттың бәріне шаттық әкелетін көктем мерекесі ұлттық ерекшелікті көрсететін салт пен дәстүрге толы.

Наурызды қарсы ала отырып абонементтер бөлімі оқырмандарды кітап көрмесін тамашалауға шақырады. Көрермендер назарына мерекенің көп ғасырлық тарихын және онымен байланысты дәстүрлердің әдемілігін көрсететін материалдар ұсынылған. Көрменің ең көрнекті жеріне «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» энциклопедиясы, «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы, ұлттық салт-дәстүрлердің ерекшеліктерін көрсететін «Қазақ салт-дәстүрлері» кітабы, сондай-ақ Шығыстың ұлы ақыны және философы Омар Хайямның Наурыз жайындағы «Наурызнама» кітабы қойылған. Г. Бердымұхамедовтың көркем безендірілген «Тұлпардың шапшаң шабасы» фотобасылымын, У. Жәнібековтың «Қазақ киімі. Казахский костюм. The Kazakh costume» альбомын, жазушы К. Сегізбайұлының «Казахская национальная кухня. Традиции казахского дастархана» кітабын және т. б. көптеген кітаптарды көрменің көркін келтіріп тұрған және көптің назарын аударатын басылымдардың қатарына жатқызуға болады.

Көрме үстіміздегі жылдың 13 наурызынан 26 наурызына дейін жұмыс істейтін болады. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus