Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Өз өлкеңді біліп алмай, өзге әлемді біле алмайсың»
28.03.2018
27 наурызда «Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК» КММ Н. К. Крупская ат. Орынбор ОӘҒК бірлесе отырып «Өз өлкеңді біліп алмай, өзге әлемді біле алмайсың» тақырыбымен онлайн кездесу өткізді.

Орынбордың Қазақстанмен және Қостанаймен, жерлестеріміз Ыбырай Алтынсаринмен және Ахмет Байтұрсыновпен тығыз байланыста болғаны баршамызға белгілі. Ыбырай Алтынсаринның құрметіне Орынборда көше аталып, ұлы ағартушы тұрған үйге мемориалды тақта ілінген. Бұл қаланың мұрағаты мен кітапханаларында Қостанай өңірі туралы өте көп ақпарат сақтаулы тұр. Кітапханааралық ынтымақтастық Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК өлкетану қорын толықтыра түсетін болады. Қазіргі кезде өлкетану саласына қатысты ақпарат берудегі кітапхананың рөлі бірнеше есе артты және осы себепті онлайн кездесудің негізгі тақырыбы ең алдымен өлкетану әдебиеттерін насихаттау болды. Кітапханашылар өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу кезінде келесілер сөз сөйледі:

Өтеуәлиева Айгүл Айтқалиқызы, Н. К. Крупская ат. Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану бөлімінің меңгерушісі, баяндамасының тақырыбы – «Электронды өлкетану ресурстары – өлкетану ақпаратын жеткізу құралы».

Күнтекова Айман Қайыржанқызы, Н.Островский ат. орталық қалалық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі, баяндамасының тақырыбы – «Островскийдегі өлкетану оқулары».

Астафьева Елена Анатольевна, Ы. Алтынсарин ат. облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі, баяндамасының тақырыбы – «Ы. Алтынсарин порталы».

Борисенко Раиса Ивановна, өлкетану әдебиеттері бөлімінің бас әкімшісі, баяндамасының тақырыбы – «Қостанай облысы: тарих, адамдар, оқиғалар» толық мәтінді деректер базасы».

Балалар мен жастар арасында жүргізілетін өлкетану жұмысының отаншылдық тәрбиеге әсері мол болғандықтан онлайн кездеуге Қостанай қ. мектептерінің кітапханашылары қатысты.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus