Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жемқорлықпен күресу – әр адамның міндеті
29.03.2018

Жұрттың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында Әмбебап оқу залы «Жемқорлықпен күресу – әр  адамның міндеті» тақырыбымен ақпарат сағатын өткізді. 

Өткізілген шара аясында ҚР мемлекеттік істер агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасының бас маманы Е. К. Сармолдинов, Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК қызметкерлері  А. Д. Жарқынғұлова мен О. А. Зелевская баяндама жасады. 

Сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық саласына: экономикаға, саясатқа, әлеуметтік салаға зор ықпал етеді.  Сөз сөйлегендер қоғамның үдемелі дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігі мен мүддесіне шынайы қауіп тудыратын аталған құбылыстың келеңсіз жақтарына кеңінен тоқталып өтті. 

Шара барысында кітапханадағы аталған тақырыпқа қатысты жинақталған, ғылыми қызметкерлерге, заң саласындағы білім беру мекемелерінің магистранттары мен бакалаврларына, құқық қорғау органдары мен соттардың қызметкерлеріне, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты қылмыстық-құқықтық мәселелер қызықтыратын жалпы оқырман қауымға арналған әдебиеттерге шолу жасалды.

Кітапханашылар дайындаған «Жемқорлықпен күресу – әр  адамның міндеті» көрме-толғанысы келгендерді сыбайлас жемқорлық саласындағы қылмыстар туралы, осы бағыттағы құқық бұзушылықтың себептері мен шарттары жайында хабардар етті.

Өткізілген шара тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ақпарат алуына мүмкіндік беріп, ел азаматтарының жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus