Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақ әдебиеті: жаңаша көзқарас» кітап көрмесі
29.03.2018

Қазақстанда үстіміздегі жылдың 23 ақпанынан бастап 30 қыркүйекке дейін созылатын республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы бастау алды.

2018 жылы әлемге әйгілі «Бір ел – бір кітап» акциясына Қазақстанда біршама өзгерістер енгізілді. Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша Ұлттық академиялық кітапханада өткен кеңейтілген отырыста бірден үш шығарма: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Шығармалары», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» шығармалары таңдалды.

Абонементтер бөлімі аталған оқиғаға арналып дайындалған кітап көрмесін тамашалауға шақырады. Авторлардың біздің өмірімізді түсінуге тырысқан терең философиялық ойлары, жақыныңның өмірін құтқарып қана қоймай, әлемді қайта құруға мүмкіндік беретін адамның жақсы қасиеттеріне деген сенімдері біріктірген шығармалар көрменің көрнекі жерінен орын алған. Сондай-ақ оқырмандарды аталған атақты тұлғалардың өмірі мен қызметі жайындағы басылымдар да қызықтыратыны сөзсіз.

Аталған кітаптарды оқып шығуды, олар туралы достарыңызбен, таныстарыңызбен әңгімелесуді, отбасыңызда пікір алмасуды ұсынамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus