Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Романстың әр түрлі әуендері» музыкалық кеші
30.03.2018

27 наурызда кітапханада романтикалық әуенді ұнатушылардың жанын жадыратқан шара болды. «Романстың әр түрлі әуендері» музыкалық кешін шығармашылық ұжымдары – «Рябинушка» музыкалық клубы мен Өнер бөлімі өткізді.  

Кеш 2010 жылы шыққанына 100 толғанына қарамастан маңыздылығын жоғалтпаған «Отцвели уж давно хризантемы в саду» (сөзі В. Шумскийдікі, музыкасы Н. Харитонікі) романсымен басталды. Осы кеште романсты шынайы бағалаушылар бұл жанрдың шығу тарихы жайында жаңа ақпараттар алып, басқа да көптеген белгілі романстардың белгісіз тағдырларымен танысты. «Рябинушка» вокалдық тобының орындауында аустриялық ұлы композитор В.А.Моцарттың «Ожидание весны», «Над окошком месяц» романстары, М.Шишкиннің Н.Языковтың сөзіне жазылған «Ночь светла» романсы, Е.Поповтың музыкасына жазылған С.Есениннің романсы және басқалар шырқалды.    

Шараға арналып белгілі композиторлар мен орындаушылар жайындағы әдебиеттер қойылған «Жылдар өтсе де жырланар жыр» безендірілмелі кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің көрнекті жеріне Петр Лещенконың, Николай Жемчужныйдың, Анна Германның және басқалардың романстары жазылған винильді күйтабақтар қойылды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus