Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Менің жетістігім – елімнің жетістігі»
29.03.2018

28 наурызда Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, «Жас-Қанат 2006» ЖШС директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Қайрат Әлімбайұлы Маишевпен кездесу болып өтті.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы ұлан-байтақ еліміздің түпкір-түпкірінде еңбек етіп жатқан адамдар жайындағы деректер болып табылады.  Президенттің өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап өткеніндей көпшілік жағдайда цифрлар мен деректердің артында тұрған адамдардың әр түрлі: жарқын, күйінішті, қуанышты, қайғылы және бақытты тағдырлары ескерілмей жатады. Кез келген жетістіктің артында ел азаматтарының орасан зор физикалық және зияткерлік еңбектері, әрбір жекелеген адамның жетістігінің тарихы тұр. Қазақстан – жас мемлекет, ал бүгінгі болмысымызды жасаушылар – біздің замандастарымыз, көпшілік жағдайда – жастар.

Қайрат Маишев осындай адамдардың бірі. Қайрат Әлімбайұлы өзіне мақсат қоя білетін және кез келген кедергілерден өте алатын табысты адам болып табылады. Өзінің идеяларын жүзеге асыру үшін Қайрат Маишев өзіне үнемі жауапкершілік, еңбексүйгіштік, өзін-өзі дамыту секілді қасиеттерді серік етіп келеді. Әңгіме барысында ол өзінің тәжірибесімен, білімімен бөлісіп, студенттерге өз мақсаттарына жетуі үшін құнды кеңестер берді.  

Шара К.Ә.Маишевтің жеке марапаттары мен грамоталары, мерзімді басылымнан алынған материалдар қойылған кітап көрмесімен сүйемелденді, сондай-ақ шара барысында «Жас-Қанат 2006» ЖШС туралы бейнефильм көрсетілді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus