Құрметті оқырмандар!
Сирек кітаптар қоры «Владимир Иванович Даль – «Толковый словарь живого великорусского языка» сөздігін жасаушы» (басылымның 155 жылдығына арналған) кітап көрмесін тамашалауға шақырады.
Түсіндірме сөздікті жасауға Даль бар өмірін сарп етті. Зерттеуші бұл кітапты дайындауға өмірінің 53 жылын арнады. Бірінші басылымға 200000 сөз енгізілсе, оның 80000 сөзін Дальдың өзі жинаған және алғаш рет тіркеген, қалған 120000 қайта өңделіп, олардың мағынасы анықталған.
Осы бір орасан көлемді жұмыс жазушыны орыс тілінің тамаша білгіріне айналдырды.
Көрмеге бірегей басылымдар, библиографиялық сирек басылым болып табылатын Даль сөздігінің ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында (1880, 1881, 1882, 1907 жж.) жарық көрген жекелеген томдары, сондай-ақ «Пословицы русского народа» кітап-жинағы қойылған.
Көрмеге келген кісі В. И. Дальдың сөздігіне енгізілген орыс тілінің «ұлылығымен және құдіретімен» танысатын, өзінің білімін халықтың бұрынғы тұрмысымен және оның тілімен толықтыратын болады.