Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Желмен жарысқан жан»
05.04.2018

Құрметті оқырмандар, өлкетану әдебиеттері бөлімінде жерлесіміз, конькимен сырғанау спортынан әлем чемпионы Денис Валерьевич Кузинге арналған «Желмен жарысқан жан» атты кітап көрмесі ашылды. 

Денис Кузин «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары қатарынан орын алған Қостанай облысының аздаған өкілінің бірі болып табылады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей «Бұл нақты адамдардың нақты тарихы болуы тиіс».

Денис Кузин Қазақстанның конькимен сырғанау спорты тарихында алғашқы болып әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.  Желаяқ Сочиде өткен жарыста 1000 м. қашықтықты 1 минут 09,14 секундта өтіп, әлем біріншілігінің басты жаңалығын жасады.

Кузиннің чемпиондыққа дейінгі жолы жеңіл болған жоқ. Көрме оқырмандарға чемпионымызбен және оның жеңіске деген жігерімен танысуға мүмкіндік береді. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ