Әмбебап оқу залы қазақтың атақты ақыны, публицист, педагог, «Алаш» қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Жырымен жұртын оятқан» кітап көрмесін тамашалауға шақырады. Ақынның мерейтойының құрметіне 2018 жыл барлық түркі әлемі бойынша Мағжан Жұмабаев жылы болып жарияланды.
Мағжан Жұмабаев жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Автор өз шығармаларында ағартушылық, бостандық және демократия идеяларын насихаттады.
Ол «Бірлік» қоғамын құрушылардың бірі болды, «Бостандық туы», «Ақ жол» газеттерінде, «Балапан» және «Шолпан»журналдарында жұмыс істеді.
Мағжан Жұмабаевтың әдеби шығармашылығы шын мәнінде ұлттық әдебиетіміздің алтын қорының бір бөлігі болып табылады.
Барлығыңызды көрмемізді тамашалауға шақырамыз.