Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Үлкен еңбектің үлкен адамдары»
06.04.2018

Өлкетану әдебиеттері бөлімінде «Социалистік Еңбек Ері» құрметті атағының бекітілгеніне 80 жыл толуына арналған бір жылдық «Үлкен еңбектің үлкен адамдары» кітап көрмесі жұмыс істеп тұр.

Көрмеге Кеңес одағында ерен еңбегі үшін берілетін ерекше айырықшалау белгісін – Социалистік Еңбек Ері атағын иеленген Қостанай облысы өндірісінің мерейгер-озаттары жайында материалдар қойылған.

Сәуір айында көрмеге Назарбек Сәндібекұлы Сәндібеков  және Александр Павлович Чирков  туралы ақпарат қойылған.

Назарбек Сәндібеков 1928 жылы туған. 1943 жылдан 1947 жылға дейін Сарыкөл ауылдық кеңесінің хатшысы болды.1947 жылдан бастап «Жамбыл» кеңшары бөлімшесінің есепшісі, басшысы болып істеді. 1961 және 1964 жылдар аралығында «Құсмұрын» астық кеңшарының бас агрономы болды. 1965 жылы Қарасу ауданының «Май» кеңшарының директоры болып тағайындалады. Кеңшарды Қарасу ауданының алдыңғы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қатарына алып шықты. Ол жетекшілік еткен жылдары кеңшардың әр гектарының астық шығымдылығы 19 центнерге дейін жетті. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1967 жылдың 19 сәуіріндегі Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді және Ленин ордені мен «Орақ пен Балға» алтын медалі тапсырылды.

         Александр Чирков  1928 жылы Починов а. шаруа отбасында туған. Демьянов ауданының (қазіргі Ұзынкөл ауданы) «Пресногорьков» кеңшарының тракторшысы болып жұмыс істеді. Қостанай облысы Демьянов ауданының тың және тыңайған жерлерін игеруге қатысты. Жеті жылдықтың (1959-1966) өндірістік тапсырмаларын және өзінің социалистік міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1966 жылдың 23 маусымындағы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді және Ленин ордені мен «Орақ пен Балға» алтын медалі тапсырылды.

Көрмеге кітаптардан алынған жарияланымдар, сондай-ақ «Социалистік Еңбек Ері» атағының тарихы туралы толық ақпарат қойылған. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus