Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Ұлы таулар аласармайды, ұлы адамдар ұмытылмайды
11.04.2018

Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы жалғасын тапты.

2018 жылы әлемге әйгілі акцияға Қазақстанда аздаған өзгерістер енгізілді. Ұлттық академиялық кітапханада өткен отырыста бірден үш шығарма: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Шығармалары», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» шығармалары таңдалды.

Әмбебап оқу залы «Ұлы таулар аласармайды, ұлы адамдар ұмытылмайды» кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге жыл кітаптары, сондай-ақ авторлардың өмірі мен шығармашылығы жайындағы мақалалар, жарияланымдар мен естеліктер қойылған.

Өз шығармаларында авторлар оқырмандар алдында өздерінің өмірден көрген-түйгендерін бүкпесіз баяндайды. Бұл үш шығарманы авторлардың өздерінің естеліктеріне, өмірде болған шынайы оқиғаға сүйенуі, толғаныстарының сарындас болуы біріктіреді.

Авторлар біздің өмірімізді түсінуге тырысқан терең философиялық ойларымен, жақыныңның өмірін құтқарып қана қоймай, әлемді қайта құруға мүмкіндік беретін адамның жақсы қасиеттеріне деген сенімдерімен бөліседі.

Кітапхана оқырмандарын және қала тұрғындарын кітап көрмесімен танысуға және аталған кітаптарды оқып шығуға шақырамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ