Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Батырдың биік тұлғасы» тарихи кеші
12.04.2018

11 сәуірде өлкетану әдебиеттері бөлімі мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында халық батыры, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің көсемі Амангелді Имановтың туғанына 145 жыл толуына арналған «Батырдың биік тұлғасы» тарихи кешін өткізді. 

Батырдың ұрпақтары Бақытжан Жүсіпов, Таймас Сұлтанов және Әбдіқадыр Әбілтаев әкелері айтқан әңгіменің негізінде Амангелді Иманов туралы естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ шараға 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан Малшыұлы Қайранбайдың ұлы Малшы Жақсылық қатысты. А.Байтұрсынов ат. ҚМУ профессоры Қалқаман Жақып және 24 телеарнасының тілшісі Абылай Мауданов жүргізілген зерттеулер мен Амангелді ауданына жасалған экспедиция туралы әңгімелеп берді. ҚМПИ тарих магистрі Тастекова Гүлдана «Амангелді Үдербайұлының тарихи тұлғасына қатысты жаңаша көзқарас» тақырыбына баяндама жасады.

 Шара барысында көрсетілім ұсынылып, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus