Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Снежинками в июне»
13.04.2018

2018 жылдың 12 сәуірінде қонақжайда қостанайлық автор Сәрсенбай Ниязбаевтың «Снежинками в июне» кітабының тұсаукесері болды. 

С. К. Ниязбаев Қостанай облысының Милютинка а. 1960 ж. туған.   Мамандығы бойынша дәрігер. Каратэмен айналысады. Жаттықтырушы ретінде Қазақ КСР-нің бірнеше чемпиондарын және халықаралық жарыстардың жүлдегерлерін дайындады. Өлеңді 2015 ж. қарашасынан бастап жазады. Шығармашылығының негізгі тақырыбы – Отанға, Жаратушыға, әйелдер мен балаларға деген махаббат.

Тұсаукесерге көптеген шығармашылық өкілдері - Әлпия Орманшина, Ақылбек Шаяхмет, Аркадий Денисов, сондай-ақ Қостанай педагогикалық колледжінің студенттері қатысты. Автор кездеуге келгендермен өзінің естеліктерімен, толғаныстарымен бөлісті және жинақтағы өлеңдері жайлы әңгімелеп берді.

Сәрсенбай Ниязбаевтың шығармашылығы – Отанға, отбасына, өскен үйіне деген махаббаттың шынайы үлгісі бола алады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ