Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Баспасөз хабарламасы
17.04.2018

2017 жылдың 12 сәуірінде мемлекет басшысы қазақстандық қоғамның дамуын қамтамасыз ететін барлық саланы қамтыған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жариялады.

Өткен жылы бағдарлама ел ішіндегі нақты бағыттарын анықтап алған болса, мемлекеттік кітапханалар өз жұмыстарында бұл процесті белсенді көрсете білді.  Аталған бағыттағы кітапхана жұмыстарының тәжірибесімен бөлісу үшін кітапханашылар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы Қостанай облысы кітапханаларының жұмысы» облыстық семинарына жиналады. Семинар 2018 жылдың 18 сәуірі күні Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК конференция залында өтеді.

Облыс кітапханалары баяндамаларының бағдарламасына бағдарлама аясында атқарылып жатқан шаралар туралы хабарламалар,   «Қостанай облысының киелі жерлері мен нысандары» библио-картасының тұсаукесері енгізілген, сондай-ақ семинарда  Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының аға оқытушысы Олеся Валерьевна Рак баяндама жасайды. Оның баяндамасының тақырыбы – «Халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін көтерудің мемлекеттің дамуына,  қазақстандық білім және мәдениетті жетілдіруге және цифрландыруға тигізер әсері».

Семинарды Таран ОКЖ кітапханалары күні жалғастырады. Б. Майлинның  жерлестері І. Есенберлиннің «Алтын Орда» романы бойынша театрландырылған көрініс, «Жүрегіңде жүрер туған жер» өлкетану көрмесіне шолу, «Бір кітапта өрілген Таран өңірі» әдеби-поэтикалық қонақжайын, «Ұлы даланың өрнектері» шеберлік сыныбын, Таран ОКЖ кітапханашыларының қолынан шыққан жұмыстардың «Қиял еркіндігі және кітапханашылардың шеберлігі» көрмесінің шолуын ұсынатын болады. Шара «Талантты кітапханашылар қауымдастығы» әдеби-музыкалық бағдарламасымен аяқталмақ.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ