Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы Қостанай облысы кітапханаларының жұмысы» облыстық семинары
19.04.2018

         Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК 2018 жылдың 18 сәуірінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы Қостанай облысы кітапханаларының жұмысы» облыстық семинары өтті. 

Мемлекет басшысының қазақстандық қоғамның дамуын қамтамасыз ететін барлық саланы қамтыған бағдарламалық мақаласын жариялағанына да жыл толды.  Осы уақыт ішінде бағдарлама өзінің нақты бағыттарын анықтап алды.  Бағдарламаның міндеттерін жүзеге асыруға мемлекеттік кітапханалар да белсенді қатысып келеді. 

«Рухани жанғыру» бағдарламасының  «Атамекен», «Тәрбие және білім», «Рухани қазына» және «Ақпарат толқыны» секілді кіші бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын арнайы 6 жобадан: «Туған жер», «Қазақстанның киелі географиясы», «Қазіргі кездегі Қазақстан мәдениеті», «100 жаңа оқулық», «Қазақ тілін латын қарпіне көшіру» және «100 жаңа есімнен» тұратыны белгілі.

Мемлекеттік кітапханалар барлық алты жобаны жүзеге асыруға белсенді атсалысып келеді.  Бағдарламалық мақаланың іс жүзінде орындалуы үшін кітапханаларда дөңгелек үстелдер, қызықты және танымдылық шаралары өткізіліп, түрлі жобалар жасалуда.  Семинарға аталған бағыттағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісу үшін облыстың ОКЖ кітапханашылары жиналды. Шара «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру бойынша мемлекеттік кітапханалардың атқарған жұмыстарына жалпы шолудан басталды. 

 «Отаным - тағдырым» деп аталатын бағдарламалық мақаладағы екінші базалық жоба білім саласындағы тәрбие мен білімнің сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жобада отаншылдықты, туған өңірге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, өлкетануды дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Облыс кітапханаларында бұл бағытта біршама жобалар жасалған. Мысалы, 2017 жылы «Туған жер» бағдарламасы аясында Науырзым ОКЖ орталық кітапханасында «Науырзым жерінің тарихы - История Наурзумской земли» жобасы жүзеге асырылды. Жобаның қалай жүзеге асып жатқаны туралы аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Васильева Татьяна Васильевна «Рухани жаңғыру - туған жерден  басталады» баяндамасында айтып берді.

2017 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы қабылданды. Оның жасалуына Президенттің 2017 ж. 31.03. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы негіз болды.

Семинардың жұмысына Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының аға оқытушысы, қолданбалы математика және информатика магистріРак Олеся Валерьевна қатысты. Оның баяндамасы «Халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін көтерудің мемлекеттің дамуына,  қазақстандық білім және мәдениетті жетілдіруге және цифрландыруға тигізер әсері» деп аталды. Баяндаманың мазмұны кітапханашыларды қатты қызықтырды және осы тақырып бойынша жеке семинар өткізу туралы шешім қабылданды.

 «Туған жер» және «Цифрлық Қазақстан» жобалары аясында Таран АОК библиографы ұзақ мерзімді «Өткенді сақтай отырып, болашақты жасаймыз» тарихи-өлкетану кітапханалық-өмірбаяндық жобасын жасады. Аталған жобаның мазмұны туралы Таран ОКЖ директоры Асанова Гауһар Жақсылыққызы өзінің «Рухани  жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» баяндамасында әңгімелеп берді.

Жітіқара ОКЖ бірнеше жылдан бері «Жітіқара ауданы ауылдарының энциклопедиясы» өлкетану жобасы жұмыс істеп келеді. Ел Президентінің бағдарламалық мақаласы оған жаңа серпін берді. ОКЖ өлкетану жұмысының қалай жалғасып жатқаны, қандай жетістіктерге жеткені туралы Жітіқара ОКЖ Жітіқара аудандық орталық кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Яковлева Римма Анатольевна «Кітапхана – туған  өлке тарихын зерттеу және сақтау орталығы» баяндамасында ортаға салды.

Бағдарламалық мақаланың төртінші бағыты – «Қазақстанның киелі географиясы». Бұл жоба қоғамдағы ең танымал жобалардың біріне айналды. Жыл бойы әр өңір өзінің тамаша орындары туралы әңгімеледі. Қостанай облысы да құр қалмады. Біздің де көрсететін және әңгімелейтін дүниелеріміз жетерлік. Л. Н.Толстой атындағы ОӘҒК АБҚБ «Қостанай облысының киелі жерлері мен нысандары» «Сакральные места и объекты Костанайской области» библио-картасын жарыққа шығарды. Семинарға қатысушылардың назарына АБҚБ ұлттық библиография секторының меңгерушісі Жанна Сидоровна Нам дайындаған тұсаукесер ұсынылды. 

Семинар Л. Н. Толстой атындағы ОӘҒК КДБ әдіскері Шайхығалиева Ұлжалғас Алпысқызының баяндамасымен аяқталды. Ол өзінің «Рухани жаңғыру – болашаққа қадам» баяндамасында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру үшін облыстың басты кітапханасында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы айтып берді.

Семинар Таран ОКЖ кітапханалар күнімен жалғасты. Б.Майлинның жерлестері І. Есенберлиннің «Алтын Орда» романы бойынша театрландырылған көрінісін, «Жүрегіңде жүрер туған жер» атты мазмұны бай өлкетану және кітапханашылардың қолынан шыққан жұмыстардың «Қиял еркіндігі және кітапханашылардың шеберлігі» көрмесін ұсынды, «Бір кітапта өрілген Таран өңірі» әдеби-поэтикалық қонақжайын, «Ұлы даланың өрнектері» шеберлік сыныбын өткізді. «Әлеуметтік серіктестік: әрекеттестік шегі» баяндамасында Май үлгілі ауылдық кітапханасының жұмыс таныстырылды, шара «Талантты кітапханашылар қауымдастығы» әдеби-музыкалық бағдарламасымен аяқталды. Таран ОКЖ кітапханалар күні облыс кітапханашыларының көңілінен шығып, жақсы бағаға ие болды және кітапханада мерекелік ахуал жасауға септігін тигізді. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus