Облыстық филармонияның әнші-вокалшысы, Қостанай меценаттар клубының 2017 жылғы «Қазына» сыйлығының лауреаты Серік Әбілевпен «Музыканы жүрегіңе жеткізе біл» тақырыбында шығармашылық кездесу болып өтті. Кездесуді 26 сәуір күні «Өмір арнасы» жобасы аясында Өнер туралы әдебиеттер бөлімі өткізді.
Кездесу кезінде қонақ өзінің шығармашылығы мен өмір жолы туралы айтып беріп, көрермендердің түрлі сұрақтарына жауап берді және көптеген көпшілікке танымал болған әндерді орындады. Кездесуге келгендер әншінің қатысуымен өткен түрлі концерттерден үзінділер тамашалады.