Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тәуелсіздікпен тең өскен кәсіпкер»
04.05.2018

Аталған тақырыпта Қазақстанның Еңбек Ері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, «Қарасу» СӨК» ЖШС бас директоры Алмат Жанәбілұлы Тұрсыновпен бренд-бизнесмен-шоу болып өтті. Шара 2018 жылдың 03 мамырында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өтті. Шара Facebook-тің тікелей эфирінде көрсетіліп, көрермендер өз сұрақтарын жолдады және олар бірден қонаққа жеткізілді.

Алмат Жанәбілұлы жиналғандармен әңгімені Қарасу ауылдық мектебінің қабырғасында өткен өзінің балалық және жастық шағы жайындағы қызықты әңгімемен бастады.  Басқа балалар секілді ол да тентек болды, мектепте көбінесе дене шынықтырумен және спортпен айналысты. 90-шы жылдардан бастап Алмат Тұрсынов өзінің ауыл шаруашылығы кәсіпорнын құрады да, мемлекет басшысының қолдауы арқасында елеулі жетістіктерге қол жеткізеді. Қазіргі кезде «Қарасу» компаниясы ауыл шаруашылығымен – егіншілікпен және мал шаруашылығымен белсенді айналысатын аудандағы басты кәсіпорындардың бірі болып табылады. Алмат Тұрсыновтың айтуынша компанияның кәсіпорындары жас мамандарды қабылдауға, жастармен кез келген жерде кездесуге, олар үшін гранттар бөлуге, байқаулар өткізуге қашанда әзір. 

Шара мерзімді басылымдардан алынған материалдар, қонақтың жеке мұрағатынан алынған фотосуреттер қойылған кітап көрмесімен сүйемелденді, сондай-ақ қонағымыздың өмірінің бір сәтін бейнелеген бейнефильм көрсетілді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus