Әмбебап оқу залында Ұлы Отан соғысына арналған «Қуанышы мен қасіреті бірдей күн» көрме-сұхбаты безендірілді. Еліміздің басты мерекелерінің бірі Жеңіс күні жақындап келеді. Бастыларының бірі болатын себебі ол бірнеше ұрпақ өкілдерін, түрлі дін мен мәдениет өкілдерін біріктіреді. Бұл бізге еліміз үшін мақтаныш сезімін, бірігу мен жолдастықты, біздің еңбегі сіңген ардагерлерімізге – сұрапыл соғыстың ортасында жүргендерге, еңбектеп жүріп еңбек еткен тыл еңбеккерлеріне деген сүйіспеншілік пен құрметтің шексіздігін түйсінуге мүмкіндік беретін мереке.
Кітаптарды парақтап шықсаңыз, сіз оның әр жолында, әр бетінде партизандармен, тыл еңбеккерлерімен, бізге теңдесі жоқ мұра – соғыс жайындағы шындықты қалдырған жазушылармен және ақындармен кездесетін боласыз.