Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қайтпас қайсар - Қайсенов»
05.05.2018

Еліміздің ең басты және жарқын мерекелерінің бірі – Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысына қатысушы, фашистер басып алған Приднестровье мен Закарпатье аумағында аты аңызға айналған партизан отрядының командирі Қасым Қайсеновтың туған күніне орай Әмбебап оқу залы «Қайтпас қайсар - Қайсенов» портрет-кешін өткізді.   

Кештің басты қонақтары болған Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері М. И. Подоляков, К. Алдабергенов, Б. К. Көпеш кешке келгендерге соғыстың сұрапыл жылдары туралы, адамның ойына келмейтін ерліктер туралы, отандастарымыздың табандылығы мен ерлігі жайында, Ұлы Жеңістің маңызы туралы айтып берді.

Шара барысында соғыс жылдарының баршаға белгілі болған әндері орындалып, өлеңдері оқылды, майдангерлердің сүйікті әні болған «Землянкаға» театрландырылған көрсетілім қойылды. 

Кездесуге келген студенттер мен қала жұртшылығы ардагерлерге өшпес ерліктері үшін алғыс білдіріп, оларға ұзақ өмір тіледі.  

Шараға арнап безендірілген «Отанға қызмет – абыройлы міндет» кітап көрмесіне Қ.Қайсеновтың кітаптары мен қазақстандық отаншылдықты, Отанға деген сүйіспеншілікті, өз елінің тарихына деген мақтанышты тәрбиелеуге ықпал ететін оның шығармашылығы жайындағы кітаптар қойылды.  

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus