18 мамырда кітапханада қостанайлық қолөнер шеберлерінің жұмыстары қойылған «Қолөнер құдіреті» көрме-байқауының қорытындысы шығарылды. Аталған шараны «Квадрум» шеберханасының директоры Александр Анатольевич Нам ұйымдастырды.
Көрмеге крестеп тоқу, тығыз кестелеу, моншақпен тоқу секілді түрлі техникамен орындалған 50 астам жұмыс қойылды. Жұмыстардың тақырыбы мейлінше алуан түрлі – олардың ішінде портрет те, пейзаж да, натюрморт та және көп фигуралы композиция да бар. Бір ай ішінде көрмені мыңнан аса адам тамашалап, олар жұмыстар жайындағы өздерінің пікірлерін қалдырды.
Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.