Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Астанада 21-22 мамырда мәдениет саласының ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани Қазына - 2018» І фестивалі өтті
28.05.2018

Аталған елеулі шараға Қазақстанның барлық өңірінен кітапхана және мұражай қызметкерлері жиналды. Фестивальдың салтанатты ашылуына Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ отандық және шетелдік ғалымдар қатысты. Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК директоры Дариха Төребайқызы Дүйсебаева облыстық кітапханалардың директорлары ішінен Мәдениет саласының ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани Қазына - 2018» республикалық байқауының пленарлық отырысында баяндама жасау құрметіне ие болған жалғыз директор болды. Өз баяндамасында ол Қостанай облысы кітапханаларының қазақстандықтардың рухани санасын жаңғыртуға және кітапхана жұмысына цифрлық технологияны енгізуге қосып жатқан үлесі туралы әңгімеледі.

 Фестивальдың басты мақсаты – респубикалық және өңірлік ұйымдар арасында тәжірибе алмасу, біртұтас мәдени кеңістікті дамыту, өңірлердің мәдени мұраларымен таныстыру және кітапханалар мен мұражайлар жұмысындағы жаңа ұсыныстарды іздестіру. Бағдарламаға цифрлық технологияны енгізу бойынша шеберлік сыныптары енгізілді. Сондай-ақ фестиваль аясында Қазақстан кітапханаларының баспа жұмыстары байқауы өткізіліп, аталған байқауда Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК басылымы  «Үздік библиографиялық басылым» аталымы бойынша жеңімпаз болды.

Фестивальдың алаңдарының бірі Астананың 20 жылдығына арналған «Әлем астаналарының жылнамасы» халықаралық кітап көрмесі болды. Көрменің жабылу салтанатында марапатталған кітапхана қызметкерлерінің қатарында біздің облыстың өкілдері де болды. Алтынсарин ауданы ОКЖ директоры Е. В. Пшиченко мен Жангелді ауданы ОКЖ әдіскері Г. Ж. Әбдірахманова «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгісімен марапатталды.

Меңдіқара ауданы ОКЖ әдіскері Н. И. Шиповских Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің алғыс хатына ие болды.

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК толықтыру, құжаттарды өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің бас әкімшісі Ж. Қ. Қойшыбаева «Рухани Қазына - 2018» республикалық байқауына қатысқаны үшін Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің библиографы Д. А. Жұмабаева Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының Алғыс хатын иеленді.

Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз және ортақ еңбегімізде табыстарға жете берулеріне тілектестік білдіреміз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus