Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Есіңнен кетпес есімдер»
30.05.2018

24 мамырда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне және қаламыздағы қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштің ашылғанына 15 жыл толуына арналған «Есіңнен кетпес есімдер» атты еске алу кеші өтті.

ҰҚК ардагері Ғалихан Мәулетов Қазақстандағы 20-30 жылдардағы саяси оқиғалар туралы айтып беріп, Ақмола облысы Целиноград ауданының Ақмол ауылындағы «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде сақтаулы тұрған құжаттар мен фотосуреттердің көшірмелерін көрсетті.

Ақын, Жазушылар одағының мүшесі Ақылбек Шаяхмет заңсыз және жазықсыз айыпталған және жазаға ұшыраған Қостанай облысының қоғам қайраткерлері туралы айтып берді.

 «Символ добра», «Имя твое - Человек» және «Дорогою дружбы» кітаптарының авторы Федор Мин қуғын-сүргін кезіндегі өзінің бабаларының ауыр тағдыры туралы, өзіне және отбасына пана болған Смағұлов деген қазақтың отбасы туралы әңгімелеп берді. 

Біздің тұрақты оқырманымыз Рамиль Сафиулин қуғын-сүргін кезінде атылып кеткен өзінің әкесі туралы айтып беріп, жиналғандарды Қостанай облысының қуғын-сүргінге ұшырағандары туралы ақпаратты қалпына келтіруге көмектесуге шақырды.

Шара барысында бейнероликтер мен деректі фильмдер көрсетілді. Сондай-ақ «Есіңнен кетпес есімдер» кітап көрмесі безендірілді. Көрмеге сол кездің тауқыметке толы оқиғалары туралы: аштық пен жаппай қуғын-сүргін, кінәсіз адамдарды қуғындау мен күштеп жер аударулар жайындағы кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ