Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Серпіл енді, Алыбым!» телекөпірі
31.05.2018

2018 жылдың 30 мамырында республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында С. Мұқанов ат. Солтүстік Қазақстан ОӘҒК бірге М. Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Серпіл енді, Алыбым!» телекөпірі өткізілді.

Мағжан Жұмабаев қазақтың атақты жазушыларының, педагогтарының, ғалымдарының және қоғам қайраткерлерінің бірі. Академик Ә. Марғұланның айтуы бойынша ағылшындарға Шекспир, орыстарға Пушкин қандай бағалы болса, қазақ халқы үшін Мағжан Жұмабаев та сондай бағалы. Оның әдеби мұрасы заманның сынағына сынбады, ол қазақ поэтикалық мәдениетінің тарихына бір дүниенің бөлшегіндей сіңісіп, басқа классиктердің шығармашылығымен бірге оның ажырамас бөлігіне айналды. Шара барысында Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері оқылып, қатысушылар өзара пікір алмасты.

Аталған шараны ұйымдастыруға көмектескені және М. Жұмабаевқа арналған поэтикалық марафонға қатысқаны үшін Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК арнайы кубокпен марапатталды.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus