Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Қажыры қайтпас қайраткер
31.05.2018

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында Әмбебап оқу залы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ кеңес әдебиетінің болашағы жайындағы пікірталастардың бастамашысы, әдеби жаңа шығармаларға пікірсарап жазушы, саяси қуғын-сүргіннің құрбаны Жанайдар Сәдуақасовтың 120 жылдығына арналған «Қажыры қайтпас қайраткер» еске алу кешін өткізді.

Кеш барысында Ж. Сәдуақасов және басқа да саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы бейнефильмдер мен бейнесюжеттер көрсетілді, осы қаралы кезеңге арналған өлеңдер оқылып, әндер орындалды.

Шараға қоғам қайраткері, отставкадағы подполковник Ғ. Н. Мәулетов, филология ғылымдарының докторы А. А. Әбсадықов, тарих ғылымдарының кандидаты С. С. Исмаилов қатысты. Ж. Сәдуақасовтың ұрпағы Ө. Ө. Сәтмұхамбетов кітапханаға өзінің атақты бабасының өмірі, шығармашылығы және қоғамдық өмірі жайындағы кітапты тарту етті.

Кеш барысында сондай-ақ қазақтардың ұлт ретінде қудалануға ұшырауы, қазақ халқының үштен бір бөлігінің өмірін опат қылған «Кіша Қазан» саясаты арқылы қолдан жасалған аштық тақырыбы да сөз болды.

Шара саяси қуғын-сүргін және аштық кезеңіндегі қазақтардың бастан кешірген азабы жайындағы әдебиеттер қойылған «Тарихтың қилы кезеңдері» кітап көрмесімен сүйемелденді.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ