Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Елдігімнің реңі – теңдігімнің тірегі
01.06.2018

Әмбебап оқу залында ҚР мемлекеттік рәміздеріне арналған «Елдігімнің реңі – теңдігімнің тірегі» жедел көрмесі ашылды.

Өзінің жалауын, елтаңбасы мен әнұранын жасап алу тәуелсіз мемлекеттің алғашқы қадамдарының бірі болып табылады. 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бекітілді.

Мемлекеттік рәміздер – қазіргі Қазақстанның берік негіздерінің бірі. Олар тәуелсіз елдің қасиетті біріктіруші бейнесін білдіреді және ұлттық мақтаныш болып табылады.

Көрмеге қойылған материалдар еліміздің жүріп өткен тарихи жолын, оның қазіргі кездегі экономикасын, әлеуметтік және саяси өмірін көрсетеді.

Құрметті оқырмандар, барлығыңызды осы айдың соңына дейін жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ