Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Абдолла Жанғобыловтың «Ақын ақиқаты» атты шығармашылық кеші өтті
13.03.2014

Наурыз айының 11 күні кітапханамыздың акт залында айтыскер ақын, «Ақ дариға», «Әзіл түбі - шындық» өлеңдер жинағы мен «Бата дарып, бақ қонсын» атты баталар топтамасының авторы Абдолла Жаңғабыловпен «Ақын ақиқаты» шығармашылық кездесу болып өтті. Кешке ақынның таныстары мен туыс-туғандары, сонымен қатар облысымызға белгілі Беген Қаженұлы, Ағытаев Ибрагим, Досов Әбдірахман сынды көптеген азаматтар да келді. Сөз сөйлегендердің барлығы дерлік ақынның өнері, әр кезде тура бидей тіліп айтар әділдігі, әзіл-қалжыңмен іліп-қағар әзілқойлығы, табанда суырып салар айтқыштығы, азаматтық қырлары жайында әңгіме қозғады. Немерелері ақынның өлеңдерін оқып, күй тартты. Бірнеше ән орындалып, домбыраның үні келген қонақтарды бір марқайтып тастады. Ақын да жүргізуші мен қатысып отырған қонақтардың сұрақтарына шабыты келген тұстарда өлең жолдарымен жауап қайтарып отырды. Келген жұрт кездесуден жақсы әсер алғандарын жасыра алмай, ақынға ыстық лебіздерін айтып, сый-сияпат көрсетті.  Кештің соңында кездесуге келген қонақтар мен  ІІД оқу орталығы тыңдаушылары ескерткіш суретке түсіп, ақын оларға алтын уақыттарын қиып келгендері үшін алғыс айтты. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ