Кездесуді Л. Толстой ат. ОӘҒК директорының орынбасары Безаубекова С.С. ашты. ҚР Жазушылар одағы мүшесі, ақын, публицист, драматург Ақылбек Шаяхмет пен ақын, әрі аудармашы Әбдірахман Досов сынды ақындармен кездесуге келген ауыл тұрғындары көңілі толқынға толы болды. Себебі нағыз ақын әрдайым жарқын бейнеде қалады.
Кездесу толерантты ахуалда өтті. Авторлық орындауда көптеген өлеңдер оқылды. Ақындар ұсынған шығармалар келгендерге ой салды. Шақырылған шығармашылық және қоғамдық зиялы қауым өкілдері тарапынан көп сұрақтар қойылды. Қонақтарды әдеби орталық жетекшісі Юсупова С.С. таныстырды.