Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒ кітапханасының қызметкерлері шілденің 28-ші жұлдызында ҚМУ «Қостанай облыстық мүгедектерді оңалту орталығында» бейне-кездесу түрінде іс-шара өткізді. Бейне-кездесу бейгілі орыс жазушы, кинорежиссер және актер, сценарий жазушы – Шукшин Василий Макаровичтың шығармашылығына арналған. Кездесуге 25 адам қатысты. Іс-шара барысында оқырмандарға өнер туралы әдебеттер бөлімінің қорынан алынған кітаптар, энциклопедиялар және Интернеттен алынған мәліметтер ұсынылды. Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері оқырмандарға В. М. Шукшиннің өмірі мен шығармашылығы туралы бейнефильм ұсынды.