Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Лев Толстой және оның заманы»
11.11.2014
2014 жылдың 11 қарашасы
Қостанай облысындағы кітапхана ісінің 120 жылдығы мен Қостанай ОӘҒК Л.Н.Толстой атының берілгеніне 65 жыл толуын атап өтуге арналған кітап онкүндігі аясында бөлім «Лев Толстой және оның заманы» атты әдеби-сазды композиция өткізді.
Шараның мақсаты – келген қонақтарды 19 ғасырдағы адамдардың өмірінде орын алған мәдени оқиғалармен, Л.Н.Толстойдың отандастарының естеліктерімен, жазушының өмірінде орын алған қызықты сәттермен таныстыру.
Келген кісілердің назарын жазушының шығармашылығына аудару үшін шара барысында сахналық элементтер қолданылды.
Л.Н.Толстой музыка тыңдаудан керемет ләззат алатын, әсіресе ол Шопенді ерекше құрметтеді. Шара барысында Қостанай қ. №1 музыка мектебінің концертмейстрі Прохорова Вера мен музыка мектебінің оқушысы Эргашева Асылханның фортепианода және виолончельде сүйемелдеуі арқылы Шопеннің «Прелюдиясы» орындалды.
Шара аясында «Толстой және Қазақстан» тақырыбына ерекше назар аударылды. Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов секілді атақты жазушы, ағартушы, ғалым және аудармашы болған кісілер өздерін Л.Толстойдың шәкірттері санаған.
Шараға арналып «Шетел тілдеріндегі классикалық көркем әдебиеті бар 19 ғасырды сағындым» атты кітап көрмесі дайындалды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ