Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Уроки духовности» кітабының тұсаукесері
24.02.2015
Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы бөлімі 23 ақпан күні сағат 15.00 А.Байтұрсынов ат. Қостанай мемлекеттік университеті профессоры В. И. Гершунның «Уроки духовности» кітабының тұсаукесерін өткізді.
Владимир Иосифович екі жылдан астам уақыт бойы «Учительская плюс» газетінде көптеген оқырмандардың көңілін аударған «Уроки духовности» айдарын тұрақты жүргізіп келеді. Осындағы жарияланымдардың негізінде Владимир Иосифович осы аттас кітапты жарыққа шығарды. 2014 жылы 500 даналық таралыммен басылып шыққан кітап адамгершілік құндылықтар жайындағы жолсілтеме болып табылады.
Руханилық тақырыбы өмірдің мәнін, өмірге деген сенімді, үміт пен махаббаты тапқысы келген әр адам үшін өзекті, пайдалы дүние болып табылады.
Тұсаукесерде философия ғылымдарының доценті Д. А. Качеев пен «Учительская плюс» газетінің журналисі С. В. Офицерова кітап жайындағы өздерінің пікірлерін білдірді.
Тұсаукесер «Духовность и смысл жизни» атты кітап көрмесімен толықтырылды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus