Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Нұржан Наушабайұлы «Ұйықтама, оян Алашым!»
16.04.2015
Сәуір айының 14жұлдызында Л.Толстой ат. облыстық кітапханада қазақ елінің марғасқа ақындарының бірегейі Нұржан Наушабайұлының жыр жинағы қалың көпшілікке жол тартты. Астанадағы «Фолиант» баспасынан ҚР Мәдениет министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша екі мың данамен шыққан «Ұйықтама, оян Алашым!» жинағын құрастырушы А.Байтұрсынов ат. ҚМУ-нің профессоры, ҚР жазушылар одағы басқармасының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Ақылбек Шаяхмет жинақтың алғысөзін жаза келе Нұржан ақынның бейнесін көркем жеткізе білген. Жинақ назымдар, толғаулар, дастандар, әндер, айтыстар және мысалдардан тұрады. Көпшілік жұрт Нұржан ақын мұрасы әлі талай ұрпақ алмасса да ғибратты ойынан еш танбай, «Көкен-ай», «Бес арман», «Зар заман» сияқты т.б әндері құлақ құрышын қандырып, ән сүйер қауымның талғам биігін көтере түсеріне куә болып қайтты. Шараға қатынасқан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы, облыстық Марал Ишан мешітінің наиб, муфти имамдары, Н. Наушабаев ат. орта мектеп директоры Ахметов Әлмұрат Жұматайұлы, оқушылары, ұстаздар, Ы.Алтынсарин ат. мұражайының қызметкерлері, филармония әншілері М. Қадыров, Жәмилә сынды өнерпаздар, әдебиет мамандары, БАҚ өкілдері, бәрі-бәрі әсерлі кештен Нұржан Наушабайұлы жайлы білгендерін пысықтап, ақын мұрасын жаңғыртты. Акт залына кіре-берісте «Үкілі сөз құраған Нұржан ақын» атты ХІХ – ХХ ғ.ғ әдебиет өкілдері, Нұржан атаның үзеңгілестері қамтылған кітап көрмесі қойылды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ