Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Мәлік Ғабдуллин. Ер есімі – ел есінде
24.04.2015
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры, ғалым-педагог, академик, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 100 жыл толуы қарсаңында «Батырлардың тұйғыны, ғалымдардың жүйрігі» әдеби шығармашылық кеші өткізілді.
Аты аңызға айналған панфиловшы, комиссар Мәлік Ғабдуллин қажымас қайрат пен халықтық рухтың қайтпас қайсарлығын көрсеткен тұлға болды. Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірде өскелең ұрпақты осындай тұлғаларды үлгі ете отырып тәрбиелеу керектігін айтқан болатын.
Шара жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру, отанына адалдық рухын сіңіру, академиктің шығармашылығымен таныстыру, оның рухани мұрасын насихаттау мақсатында өткізілді.
Мәлік Ғабдуллиннің «Менің майдандас достарым» (1947); «Алтын жұлдыз» (1948); «Майдан очерктері» (1959)секілді кітаптардың авторы екендігі белгілі. «Қазақ халқының фольклоры» монографиясы оның ұзақ жылғы зерттеуінің нәтижесі. Ол көпшілікке мектептер мен ЖОО арналған бірқатар оқулықтардың, монографиялардың, оқу құралдарының авторы ретінде танымал. Сондай-ақ ол Қазақ КСР Ғылым академиясы шығарған «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақтың батырлық эпостары» ұжымдық еңбектерін жасауға белсенді қатысты.
Кешке Қостанай қ. қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ұлы Отан соғысының ардагері М.И.Подоляков, ҚР ІІМ ҚАәлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессорыА.В. Видершпан, жоғары санатты жоғары білікті ұстаз, 2007 жылдың ҰБТ қорытындысы бойынша облыстың үздік тарих пәнінің мұғалімі, Қазақстан тарихы бойынша МАБ пен ҰБТ дайындалуға қажетті оқу құралының авторы Г.Ж.Манзул, тарих ғылымдарының кандидаты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан тарихы кафедрасының доценті У.И.Есенов қатысты.
Шараны абонементтер бөлімі ұйымдастырып, оған қаланың ЖОО мен ООО оқытушылары, студент жастар, кітапхана оқырмандары, БАҚ шақырылды. Сондай-ақ шараға арнайы шақырылған Ұлы Отан соғысының ардагерлері де қатысты.
Кешке келгендердің назарына осы аттас кітап көрмесі ұсынылды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ