Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Сарбаздармен өткен мереке кеші
11.12.2013
09.12. кітапханамызда Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік - тұғырым» атты тақырыптық кеш болып өтті. Көрермен ретінде арнайы қаламыздың 6697 әскери бөлімінің сарбаздары шақырылды. Сонымен қатар, Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бөлімше бастығы, 3-дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған Тұрмағамбетов Самат Мұхамбетқалиұлы да өз лебізін білдіруге келді. Кеш барысында Әнұран шырқалып, тарихымызға көз жүгіртумен қатар сарбаздардың да құттықтау сөздері тыңдалып, сарбаздар тарапынан болған ән шашу кеш көркін қыздыра түсті. Сарбаздар рәміздеріміз туралы ұйымдастырушылардың викториналық сұрақтарына жауап беруден де еш сүрінген жоқ. Кеш барысында Тәуелсізік шежіресі жайлы видеоролик көрсетіліп, еліміз жайлы әндер шырқалды. Кеш соңында кітапханамыздың екінші қабатында орналасқан 200-ден аса кітап қойылған Тұңғыш Президентіміз және Тәуелсіздік туралы кітап көрмесіне шолу өткізілді. Келген кісілер рахметтерін айтып, естелікке суретке түсуді жөн көрді. Мекемемізде мереке қарсаңында өткізіліп отырған бұл шара барлық қонақтар мен сарбаздардың есінде көпке сақталары сөзсіз. Ең бастысы, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бейбіт күніміз шуақты болсын!

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ