Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Мәңгілік ұмытылмас ұлы ерлік» атты кітап көрмесі
24.04.2015
Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы аталып өтіледі.
Осы бір елеулі оқиға қарсаңында Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Мәңгілік ұмытылмас ұлы ерлік» атты кітап көрмесін дайындады.
Көрме келесідей үш бөлімнен тұрады:
1. «Еш ұрпақтың есінен кетпес есімдер» - Ұлы Отан соғысына қатысушылар жайындағы әдебиеттер жинақталған.
2. «Соғыстың 1418 күні: жеңістің ұзақ жолы» - Ұлы Отан соғысында орын алған оқиғалар жайындағы әдебиеттер қойылған.
3. «Соғыс тудырған өнер мен сөз» - Ұлы Отан соғысы жайындағы көркем әдебиеттер қойылған.
Бұл жұртшылықтың патриотизм туралы талабына көрсетілген жай ғана құрмет емес, ардагерлеріміздің мойнына түскен сол бір кездің оқиғаларына ортақтасу актісі болып табылады. Бұл сондай-ақ Ұлы Отан соғысының тарихын еске түсірудің тамаша мүмкіндігі. Тарихи оқиғалар ұлттық сананың негізгі құндылығы болуы тиіс, яғни бұл өскелең ұрпақтың бойында өз елінің қаһармандарын үлгі ете отырып туған жерге деген мақтаныш сезімін қалыптастыру керек дегенді білдіреді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ