Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«BestProfi» анықтамалық-құқықтық жүйесі

Атауы

«BestProfi» анықтамалық-құқықтық жүйесі

Мақсаты

Халыққа консультациялық-құқықтық және ақпараттық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету.

Міндеттері

-      білім алуда, кәсіптік және күнделікті жұмыстатиімді қолдану үшін пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының өзекті, дұрыс және жүйеленген құқықтық ақпаратына жедел және ыңғайлы қолжетімділігін қамтамасыз ету;

-      пайдаланушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттыруға жәрдемдесу.

Негізгі жұмыс

Аталған әріптестік шеңберінде кітапхана Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық ақпаратын іздеу, зерделеу және практикада қолдану бойынша кәсіби құқықтық ресурсқа тегін қол жеткізуді ұсыну бойынша қызмет көрсетеді. Жүйеге кіру кітапхананың оқу залында кітапхананың автоматтандырылған жұмыс орындарын пайдалана отырып жүзеге асырылады. 2010 жылы BestProfi компаниясы әзірлеген «BestProfi»ақпараттық-құқықтық жүйесі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық құжаттарының құрылымдық банкі болып табылады. Жүйе құқықтық құжаттарды бірыңғай экожүйеге біріктіретін заманауи іздеу құралдары мен инновациялық технологияларға негізделген, бұл пайдаланушыларға қажетті ақпаратты жедел алуға және кәсіби міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. Ресурс ұйымдарға және жеке пайдаланушыларға, соның ішінде заңгерлерге, бухгалтерлерге, басшыларға, кадрлық қызмет мамандарына, оқытушыларға, білім алушыларға, сондай-ақ тілек білдірген кез келген азаматтарға консультациялық-құқықтық қолдау көрсетуге арналған. Жүйеде заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде әділет органдарында тіркелмегендерді қоса алғанда құжаттардың 300-ден астам түрі бар.

Сондай-ақ пайдаланушылар жүйенің мүмкіндіктерімен сілтеме арқылы таныса алады:https://bestprofi.com/

Өткізудің жиілігі

Талап ету бойынша

Қатысушылар

Кітапхана пайдаланушылары


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП