Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Өнердегі жаңа есімдер» жобасын іске асыру аясында Қостанай қаласының жас таланттарын қолдау мен шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Бұл шаралар өнер идеялары мен техникасының әртүрлілігін көрсетудің бірегей мүмкіндігін ұсынды, сондай-ақ түрлі жастағы және кәсіби топтардың өнер саласындағы бірлесуіне ықпал етті. Төменде аймақ мәдени өміріндегі жарқын оқиға болған негізгі көрмелер ұсынылған:
- Қостанайлық жас суретші Нина Олексюк жұмыстарының «Зелёное солнце» атты көрмесі;
- А. Никифоров атындағы Қостанай мамандандырылған сурет мектебі оқушыларының көрмесі;
- Юлия Богер сурет студиясы оқушылары жұмыстарының көрмесі
- Қостанай құрылыс колледжі оқытушылары жұмыстарының «Әдемі қиялдар әлемі» атты көрмесі;
- Қостанай қаласының Назарбаев Зияткерлік Мектебінің оқушылары жұмыстарының көрмесі. Жетекшісі өнер мұғалімі, қолданбалы өнер шебері, суретші Динара Қыпшақбаева.