Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС

2015 жылғы «Бір ел – бір кітап» акциясы 

ҚР Ұлттық кітапханасы республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясының бастау алғанын жариялады. 2015 жылы жалпы оқу үшін басты кітап ретінде Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» роман-трилогиясы таңдап алынды.
І.Есенберлин өз шығармаларында қазақ халқының көп ғасырлық тарихын жария еткен алғашқы қазақ кеңес жазушыларының бірі болды.
Өзін құрметтейтін кез келген кісі Каспий мен Қытайдың арасын алып жатқан ұлан-ғайыр Ұлы даланың өмірінен хабар беретін Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясын оқып шығуы тиіс. Бұл кітап – моңғол шапқыншылығынан кейін қазақ даласында мемлекеттіліктің негізі қалана бастаған кезеңде орын алған оқиғалар хроникасы. Жазушының туған жерінің тарихына терең бойлауына өзінің Отанына, туған халқына деген жанашырлық ықпал етті. «Көшпенділер» роман-трилогиясы әлемдік классикалық әдебиет

 маржандарының бірі, себебі ол тарихты тануға, адамзаттың даму жолын білуге мүмкіндік береді, бұл қазақтардың азатт

ық жолындағы көпғасырлық күресінің эпопеясы. Қазақстанда ұлт-азаттық тақырыбы Ілияс Есенберлинге дейін жабық тақырып болды. Есенберлиннің шығармашылығының, оның «көшпенділерінің» арқасында өз өмірлерін ұлтының тәуелсіздігі жолына арнаған халқымыздың ардақтыұлдары ұрпағымен қайта табысты. Романдағы Қасым мен әз Жәнібек, құдіретті Есім, Хақназар, әз Тәукелер, қаһарлы Абылай, қазақтың соңғы ханы Кенесары, атақты баһадүрлер Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Олжабай батыр, Шапырашты Наурызбай, халықтың жоқтаушылары Асан Қайғы, Бұхар жырау, Қазтуған, Жиенбет жыраулар және т.б. оқырманмен қатар отырғандай ойға жетелейді.
Жазушының туған жерінің тарихына терең бойлауына өзінің Отанына, туған халқына деген жанашырлық ықпал етті. Жазушының ұлы "Әкем отанын шын сүйген адам болатын",- деп босқа айтпаса керек.
Өткенді білу бізге жинаған тәжірибемізді пайдалана отырып қазіргі кездегі шынайы өмірді тани білуіміз үшін, өзіміздің өмірлік ұстанымдарымызды қалыптастыра білуіміз және құндылықтарды таңдауда қателіктерге жол бермеуіміз үшін қажет.

«Читаем Ильяса Есенберлина» жобасы


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ