Костанайская областная универсальная
научная библиотека им. Л. Толстого
ГЛАВНАЯ
Отызыншы жылдардағы ұрпақтар
25.02.2014

Осындай тақырыппен Қазақстанның халық жазушысы Сәкен Жүнісовтың туғанына 80 жыл толуына арналған әдеби кеш болып өтті.  Оның шығармалары – «Жалғыз үй», «Ақан сері», «Заманай мен Аманай» романдары, «Әжем мен емші дәрігер», «Өшпейтін іздер», «Бірінші вагон» әңгімелер мен повестер жинағы, «Ажар мен ажал», «Тұтқындар», «Қызым, саған айтам», «Жаралы гүлдер», «Өлара» пьесалары және тағы басқалары халық өмірінің өткені мен қазіргі жағдайын бар қырынан баяндайды, кейіпкерлерінің түрлі тағдырын әңгімелей отырып, шынайы өмірді тереңірек түсінуге, замандасымыздың ішкі әлемімен танысуымызға көмектеседі.  

Әдеби кешке танымал жазушылар, қостанайлық оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚМУ профессоры, Қостанай қ. құрметті азаматы Ақылбек Шаяхмет, кітапхананың тұрақты оқырманы, кітапхана өткізетін көптеген шаралардың белсенді қатысушысы, Солтүстік Қазақстан өңірі бойынша «Невада – Семей» қозғалысының өкілетті өкілі С.Ө.Сәтмұхамбетов және басқалар қатысты.

Шараға келгендер Сәкен Жүнісов шығармашылығының басты тақырыбымен танысуға мүмкіндік алды. Музыкалық безендірулермен қатар оның атақты шығармаларынан үзінділер оқылып, «Заманай» көркем фильмінен үзінді көрсетілді. Сонымен қатар осындай тақырыппен безендіріліп, жазушының шығармалары және оның өмірі мен шығармашылығы жайындағы әдебиеттер қойылған кітап көрмесі оқырмандар көңілінен шықты. 


АктуальноеНовостиСписок лиц репрессированных и реабилитированных по Костанайской областиГосударственные символыПолнотекстовые базы данныхЭлектронная доставка документовПродление книгиИзданияНовинки книгФондыПрофессионаламВиртуальные выставкиПроекты, акцииВиртуальная справочная службаКарта сайтаПАРАСАТ ЖОЛЫСтатистика