Стр. 7 - oblast-75

Упрощенная HTML-версия

7
Кенбаевтің басты кейіпкері – Қазақстан
жері. Адам жермен бүтіннің бір бөлігі секілді
тұтас. Табиғат – тірі дене, ол əрқашан өзгеріп,
дамып отырады. Суретшінің жұмыстарындағы
адамдар қашанда іс үстінде бейнеленген.
Сонымен қатар суреттерінен оның бейбіт өмірді
қалайтындығы анық байқалады. Тіпті «Отряд
Джангильдина» (1956) суретінде де суретші
шайқас кезін емес, демалыс сəтін бейнелеген,
адамдар пайда болған сəл ғана үзілісте еш
алаңсыз өз істерімен айналысуда, олардың іс-
қимылдарынан
адамның
бір-біріне
деген
мейірімдерін анық аңғаруға болады.
1958 жыл суретші шығармашылығындағы бақытты жыл болды.
Мəскеудегі Қазақ өнері мен əдебиетінің онкүндігіне дайындалумен бір мезгілде
М.Кенбаев қазақтың ұлы композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының мүсіндік
ескерткішінің жобасына байланысты ұйымдастырылған жабық байқауға
қатысты. «Земля» деген тақырыппен ұсынған жобасы үшін суретші бірінші
сыйлыққа ие болды. Жоба жүзеге асырылмай қалды, алайда Құрманғазы
бейнесі М.Кенбаевтің шығармашылығынан берік орын алды.
Өзінің Құрманғазы туралы суретін Кенбаев «Сарыарқа» деп атады. Бұл
атаудың Орталық Қазақстанның кең байтақ өлкесін қамтитыны белгілі.
Құрманғазының атақты күйі де осылай аталады. Бұл суретке дəл берілген атау
болатын. Құрманғазы бейнесі Кенбаев шығармашылығында ерекше орынға ие
болды. Кейінірек ол бұл тақырыпқа тағы да қайтып оралады. Осының
нəтижесінде «Портрет Курмангазы» (1962) суреті дүниеге келді.
Азамат əрі суретші ретінде танылған
М.С.Кенбаев өмірінің біраз бөлігін педагогикалық
қызметке арнады. Ол 20 жылдан астам уақытын
жас суретшілерді тəрбиелеуге арнады. 1959
жылдан 1965 жылға дейін ол Алматы көркем
сурет
училищесінде
кескіндеме
мен
композициядан сабақ берді.
1965 жылдан Молдахмет Сыздықұлы Қазақ
политехника
институтының
құрылыс
факультетінің сəулет өнері бөлімінде сурет салу
мен кескіндемеден сабақ береді. 1968 жылы ол
доцент болып бекітілді, ал 1978 жылы қазақ
суретшілерінің ішінен алғашқы болып сурет салу
мен кескіндеме кафедрасының профессоры атағын
алды.
Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор, «Құрмет белгісі»
орденінің кавалері Молдахмет Сыздықұлы Кенбаевтің Қазақстанның бейнелеу