Стр. 2 - kzd-2013-rus

Упрощенная HTML-версия

2
Құрастырушыдан
Сіздерге Л. Н. Толстой атындағы облыстық əмбебап ғылыми кітапхана-
сында дəстүр бойынша жыл сайын шығарылатын «Қостанай облысының атау-
лы күндері мен оқиғалары күнтізбегі» ақпараттық-анықтамалығын ұсынып
отырмыз. Бұл басылымның 37 шығарылымы. Биылғы 2010 жылға арналған
күнтізбекте Қостанай, Торғай өңірінен шыққан жəне осы өңірлерде қызмет ет-
кен атақты адамдардың мерейтойлары берілген. Қалалар мен аудандардың да
құрылған жылдары көрсетілген.
Сондай-ақ облысымыздың тарихи, мəдени, экономикалық, əлеуметтік
дамуына ат салысып жатқан мекемелер мен ұйымдардың да даталық күндерін
атауға болады.
Сонымен қатар бұл ақпараттық-анықтамалық басылымнан облысымыздың
тарихында ерекше орын алатын көпшілікке танымал көптеген белгілі қайрат-
керлердің өмірі мен атқарған қызметтері жайлы мəліметтер табуға болады.
Атап айтсақ, қоғам қайраткерлері: М. Дулатов, Н. Кемешев, К. Үкин, Қ. Тұр-
ғынбаев, өнер қайраткерлері: Х. Наурызбаев, əдебиет қайраткерлері: Ш. Уəли-
ханов, Ə Беркенова, Ж. Сомжүреков, Ж. Молдағалиев, ғалымдар: Ə. Тəтіғұлов,
С. Байзақов, И. Терновой, А. Күзембайұлы, дəрігерлер: Ж. Айсин, К. Малшыба-
ева жəне т. б. Облысымыздағы атаулы мекемелер мен ұйымдар: І. Омаров атын-
дағы қазақ драма театры, Рудный балалар ауруханасы, «Қазақ тілі» қоғамы,
«Таза бұлақ» қоғамдық қоры, «Костанайские новости" газеті, «Қазақстан корей-
лері ассоциациясының» филиалы жайлы мəліметтерді табуға болады.
Күнтізбекте белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың, ақын-жазушы-
лардың, өнер қайраткерлерінің мерейтойлық күндері мен кейбір қысқаша анық-
тама мен əдебиеттер тізімі ұсынылған. Осы мерейтой иелері туралы мəліметтер
мен əдебиеттер тізімі берілген даталар арнайы (*) белгімен белгіленген.
Күнтізбек негізгі бес бөлімнен тұрады:
1. Қостанай облысының 2010 жылы аталып өтілетін жəне еске алынатын
күндері (жалпы тізім).
2. Қостанай облысының айы мен күні белгісіз 2010 жылы аталып өтілетін
күндері (жалпы тізім).
3. Қостанай облысының 2010 жылы аталып өтілетін жəне еске алынатын
күндері (қысқаша мəліметтер мен əдебиеттер).
4. Есімдердің алфавиттік көрсеткіші.
5. Географиялық көрсеткіш.
Қосымша ретінде қысқарған сөздер мен қысқартулар тізімі де көрсетілген.
Басылым негізінен студенттер мен оқытушыларға, ұстаздар мен оқушыларға,
мекеме қызметкерлеріне, кітапханашыларға жəне облысымыздың тарихын
танып-білгісі келген оқырмандарға арналған.
2010 жылға берілген Қостанай облысының атаулы күндері мен оқиға-
ларының күнтізбегіне 2009 жылдың шілдесіне дейінгі материалдар енгізілген.
Күнтізбек материалдарын
ітапхана сайтынан алуға болады.