Стр. 2 - kzd-2013-rus

Упрощенная HTML-версия

2
Құрастырушыдан
Л. Н. Толстой ат. ОƏҒК дəстүр бойынша жыл сайын қазақ жəне орыс
тілдерінде шығарылатын «Қостанай облысының атаулы күндері жəне оқиғалар
күнтізбегі» ақпараттық-анықтамалығын ұсынып отыр.
Бұл басылымның 39 шығарылымы. 2012 ж. арналған «Күнтізбеге...»
негізінен Қостанай, Торғай өңірінен шыққан немесе осы өңірлерде қызмет
атқарған атақты тұлғалардың мерейтойлық күндері енгізілген. Сондай-ақ,
мекемелер мен кəсіпорындардың, қалалар мен аудандардың, ауылдардың
құрылған жылдары көрсетілген.
Бұл шығарылымдағы негізгі мерейтойлар: Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік рəміздерінің қабылданғанына 20 жыл, Саяси қуғын-сүргiн құрбан-
дарын еске алу күнiнің бекітілгеніне 15 жыл, көркем сөздің хас шебері Ғ. Мү-
сіреповтың 110 жылдығы, қазақтың маңдай алды ақыны С. Мəуленовтың 90
жылдығы, педагог, қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш журналист Н.
Құлжанованың 125 жылдығы, қоғам қайраткері, жазушы М. Сералиннің 140
жылдығы.
2012 ж. мемлекет жəне қоғам қайраткерлері: І. Омаров пен А. М. Бородин-
нің туғанына 100 жыл, А. В. Тарасенконың туғанына 70 жыл жəне т. б.
«Күнтізбеде...» қаламы қарымды журналист С. Х. Молдахметов, көрнекті
қазақ жазушысы, мемлекет қайраткері Т. С. Əбдік, ақын, журналист Н. Н. Ораз,
жазушы, тарихшы-өлкетанушы П. М. Черныш жайында мəліметтер табуға
болады.
Елімізге танымал ғалымдарымыз: С. С. Сатыбалдин, З. А. Алдамжар, С. Б.
Байзақов жəне т. б.; өнер қайраткерлері: суретшілер Ы. Е. Қарсақбаев, Н. В.
Торшин, əртістер М. Ə. Абдуллина, В. Б. Колпаков, А. С. Пустяков.; Кеңес
Одағының Батырлары И. Ф. Павлов, С. Н. Темірбаев жəне т. б мерейтойлары
аталып өтілмек.
Облысымыздың келесідей белгілі мекемелері мен ұйымдары өз мерейтой-
ларын атап өтеді: республикадағы көне театрдың бірі - Қостанай облыстық
орыс драма жəне қуыршақ театры (90 ж.), байырғы басылымдардың бірі - «Қос-
танай таңы» (90 ж.), белгілі «Агротехмаш» ЖШС (70 ж.), Қостанайдағы
алғашқы музыка мектебі (70 ж.), ірі ғылыми орталыққа айналып отырған
«Тың» ғылыми-зерттеу институты (50 ж.), облыстық ардагерлер кеңесі (25 ж),
«Қостанай қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы» ҚБ (25 ж.), А. Байтұрсынов
ат. Қостанай мемлекеттік университеті (20 ж) жəне т. б.
Мерейтой иелері туралы мəліметтер мен əдебиеттер тізімі берілген даталар
арнайы (*) белгімен көрсетілген.
Басылым негізінен кітапханашыларға, ақпараттық орталықтың, баспасөз
жəне басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне, мүғалімдер-
ге, студенттерге жəне облысымыздың тарихын танып-білгісі келген оқырман-
дарға арналған.
2012 жылға берілген Қостанай облысының атаулы күндері жəне оқиғалар
күнтізбегі туралы ақпарат www.kstounb.kz сайтында орналастырылған.
Материалды іріктеу 2011 жылдың маусымында аяқталды.