Стр. 61 - kzd-2013-rus

Упрощенная HTML-версия

61
дары жетіспейді. 1963 ж. 2 маусымда ҚазКСР Министрлер Кеңесі «Қостанай
қаласында педучилище ұйымдастыру қажет» деген қаулы қабылдады.
1967 ж. алғаш рет педучилищеде 131 орта арнаулы білімді маман даяр-
ланды. Ал, 1970 ж. бірінші рет «бастауыш сынып мұғалімі», «балабақша тəр-
биешісі» мамандарын даярлады.
1960 ж. облыста қарқынды түрде балабақшалар жүйесі дамыды. Осы арада
кадрлар тапшылығын жою мақсатында училищеде «балабақшалар тəрбиешісі»
мамандығы ашылды. 1978 ж. сырттай оқыту бөлімі де ашылды.
Негізінен Кеңес Одағы тарағанға дейін оқу орны екі мамандық бойынша
«бастауыш сынып мұғалімі», «балабақша тəрбиешісі» мамандарын даярлады.
1989 ж. қазақ тілінде «мектепке дейінгі оқыту» мамандығы ашылды.
1991 ж. екі мамандық бойынша қазақ тілінде оқыту бөлімі ашылды. Қазақ
жəне орыс тілдерінде оқыту бойынша «мұғалім-тəрбиеші», «ағылшын, неміс ті-
лі мұғалімдері», «информатика мұғалімі», «орыс тілді мектептерде қазақ тілі
мен əдебиет пəнін оқыту», «қазақ мектептерінде ағылшын, неміс тілін оқыту»,
сияқты жаңа мамандықтар жəне педколледж базасында мəдениет бөлімі ашыл-
ды.
1992 ж. училище колледж болып өзгертілді.
Педагог мамандарын даярлап отырған Қостанай педагогикалық колледжі -
көп сатылы «Лицей-Педколледж-ЖОО» жүйесі арқылы үздіксіз білім беретін
оқу орны. Қостанай педколледжі - қазіргі заман талабына сай іргелі оқу орны.
Бүгінде өзінің даму жолында бірнеше кезеңнен өтті. Оқу орны қоғам үшін бо-
лашақ ұстаздар тəрбиелеуде.
2008 ж. Қостанай педколледжі білім беру қызметінде қолданылып жүрген
менеджмент жүйесінің ҚР СТ ИСО 9001-2001 «Менеджмент сапасының жүйе-
сіне» сəйкес келетіндігін куəландыратын сертификат алды.
Қостанай педколледжінің білім беру үрдісінде ақпараттық технология кең
қолданылады. Колледжде компьютерлік кабинеттер, телеконференция өткізу
үшін бейнелаборатория, лингафондық кабинеттер, интерактивті құжаттармен
қамтылған аудиториялар, электрондық оқу залы бар. Күндізгі жəне сырттан
оқыту бөлімі бар.
2003 жылға дейінгі мағлұматтарды «2003 жылға берілген Қостанай облы-
сының атаулы күндері жəне оқиғалар күнтізбегінен» қараңыз.
Мерзімді басылымдардағы жарияланымдар:
1. Сағитова, Гүлназым. Диплом арқауы - мешіт [Мəтін] / Гүлназым Сағи-
това ; суретті түсірген Қ. Бейсенов // Қостанай таңы. - 2010. - 2 шілде. – Б. 1.
2. Сағитова, Гүлназым. Уақытпен үндескен... [Мəтін] : талапкер - 2010
/ Гүлназым Сағитова // Қостанай таңы. - 2010. - 25 маусым. – Б. 16.
3. Байшина, Г. Ж. Жеке тұлғаның кəсіпкерлігін дамытудағы оқытудың құн-
дылығы [Мəтін] / Г. Ж. Байшина // Білім. - Образование. - 2010. - № 3. - Б. 64-
66.